Шымкентте автобус екі адамды қағып кетті
Сурет: otyrar.kz
Шымкентте қоғамдық автобус екі адамды қағып кетті. Оқиға кеше, 10 ақпанда сағат 09:30 шамасында Уәлиханов көшесінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Otyrar.kz-тің хабарлауынша, жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 35 жастағы әйел адам мен 7 жастағы қызын №37 бағыттағы автобус соққан. Екеуі де аман. Алайда соққыдан жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазір үйіне жіберілді.
"№37 бағыттағы автобус жүргізушісі рұқсат етілген жылдамдықпен келе жатып, Уәлиханов көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолағыныда адам қағып кеткен. Жүргізушінің айтуынша, жаяу жүргіншіні байқап, дереу тежегішті басқан, бірақ жолдың тайғақ болуына байланысты автобус тоқтай алмаған. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Медициналық қорытынды бойынша оның денсаулығына жеңіл зиян келген".Қоғамдық көлік компаниясының өкілі Әбдібек Үкібаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript