Жаңалықтар тізбегі
0

Тараз тұрғыны жедел жәрдем қызметкерін көмекке зәру екеніне сендіре алмай, өліп кетті

жедел жәрдем, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2023 00:56 Сурет: Zakon.kz
Ауыр халдегі Тараз тұрғынына "массың" деп жедел жәрдем көлігін жібермей қойған диспетчер жұмыстан қуылды. Дәрігерлер жеткенше инсульттан көз жұмған марқұмның жақындары бұл іс бойынша тек жалғыз адамның жазалануымен келіспейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, олар барлық кінәліні қылмыстық жауапқа тартуды талап етіп отыр.

"Бір адамды жұмыстан қуған. Тағы екі диспечер қатаң сөгіс алған. Ал жедел жәрдем стансасы басшысының екі орынбасары мен бір аға-дәрігер сөгіс алған. Бәрі 6 адам. Бары сол ғана ма? Адам өліп отыр ғой. Прокуратураның өзі қылмыстық іс қозғауға толық негіз бар деп айтқан". Людмила Остапенконың әпкесі Ирина Шаевская

Ирина Шаевская сіңлісінің қазасынан 45 күн өтсе де, тергеушілер қимылдамай отыр деп күйінеді. Оның сөзінше, дәл қазір құзырлы орын өкілдерімен мүлдем байланыс жоқ.

"Департаментке барсақ, таппаймыз, ал өздері үйге іздеп келмеді" дейді. Соған қарағанда олар әдейі уақыт созып, істі жылы жапқысы келе ме деп күдіктенеді.

Бір жарым ай бұрын инфаркт болған Людмила Остапенко үйіне жедел жәрдем шақыртқан, бірақ диспетчерлер хәл үстінде тілі күрмелген 46 жастағы әйелге "Сен массың ба?" деп, шұғыл көмекке ешкімді жібермей қойған. Медицина мамандарының кешігуінен жергілікті тұрғынның жүрегі тоқтап, ауруханаға жетпей жан тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: