Шымкентте балалар үйінің тәрбиеленушілері жоғалып кетті
Сурет: Шымкент полиция департаменті
Шымкентте балалар үйінің тәрбиеленушілері жоғалып кетті. Полиция департаменті №3 балалар үйінің екі тәрбиеленушісінің жоғалып кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалада жоғалып кеткен Виола Сурвилова мен Анастасия Касьяненко іздестіріліп жатыр. Олар 15 және 14 жаста. Қыздар кеше, 16 ақпанда кешке Бархатная көшесіндегі балалар үйінен шыққан.
Іздеу жұмыстарына волонтерлер қосылған. Олардың орналасқан жерін көргендер немесе білетіндер 102 немесе 8 777 679 18 24 нөміріне хабарласа алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript