Шымкентте балалар үйінен қашқан екі қыз табылды
Сурет: otyrar.kz
Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен екі қыз табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция департаментінің қызметкерлері барлық бейнебақылау камераларын бақылап, іздеу жүргізгенінің нәтижесінде жасөпірімдер аман-есен орталыққа жеткізілді. Қазіргі таңда оларға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
"Мекеме тәрбиеленушілері өздеріне қатысты ешқандай теріс әрекет жасалмағанын айтты. Қазіргі таңда жасөспірімдердің денсаулығына қандай да бір зақым келген-келмегенін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр". Шымкент полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева
Еске салайық, осыдан 4 күн бұрын, 16 ақпанда Шымкенттегі Тұран ауданында орналасқан Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан 14 және 15 жастағы екі тәрбиеленуші шығып кеткен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript