Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар 42 мыңнан асты
Сурет: ҚР ТЖМ
Түркияның төтенше жағдайлар басқармасы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42 310-ға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Кейінгі мәліметтерге сай, Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адияман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элазиг провинцияларындағы жер сілкінісі салдарынан 42 310 азаматымыз қаза тапты. 448 мың адам апат аймағынан шығарылды", - деп хабарлады басқарма AFAD-қа.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, қазір апат аймағына AFAD, Түрік қарулы күштері, жағалау күзеті, өртке қарсы қызмет, үкіметтік емес ұйымдар, сонымен қатар халықаралық құрылымдар өкілдерін қосқанда 14 740 іздеу-құтқару қызметкері жұмылдырылған. Жалпы жер сілкінісі болған аймақтарда 242 392 адам, оның ішінде полиция, жандармерия, жедел жәрдем және тағы басқалары жүр.
Үйінділерді шығаруға 13 700 техника, оның ішінде экскаваторлар, эвакуаторлар, крандар, бульдозерлер, жүк көліктері, су тасымалдағыштар, тіркемелер және басқа да құрылыс техникалары жұмылдырылған.
6 ақпанда Түркияда 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Ол көрші елдерге де сезілді.
Ал 20 ақпанда Сириямен шекарадағы елде 6,4 балдық жаңа жерасты дүмпулері тіркелді. Тербеліс Египетте, Израильде, Кипрде, Ливанда, Сирияда да байқалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript