Түркияда автобусты топырақ көшкіні басып қалды
Сурет: видеодан скриншот
Түркияда Артвин – Эрзурум тас жолында жолаушылар мінген автобусты көшкін басып қалды. Төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
TRT Haber арнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, көшкін Деринер-3 тоннелін басып қалған. Тоннелдің кіреберісін тас аралас топырақ жауып тастады. Көшкін видеоға түсіп қалған.
Artvin-Erzurum kara yolu ulaşıma kapandı, bir servis aracı toprak altında kaldı.
— TRT HABER (@trthaber) February 23, 2023
Artvin’de heyelan anları kamerada.https://t.co/wVcCP4GXLZ pic.twitter.com/QnH8hNfDd3
Оқиға орнында техник мамандар аттанды. Олар тағы көшкін жүруі мүмкін бе, соны анықтайды.
6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жетіден асатын екі жойқын жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 және 13,24-те – 7,6).
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript