Түркияда бүгінгі жер сілкінісінен бірнеше ғимарат құлады
Сурет: pixabay
Малатия провинциясының Ешилюрт қаласында Астана уақытымен сағат 15:04-те магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі болды. Таңертең Адыяман қаласында да магнитудасы 5-ті көрсеткен жерасты дүмпуі тірелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркия апаттар және төтенше жағдайларды басқару агенттігінің мәлімдемесіне сүйенсек, Малатияның Ешилюрт ауданында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі 7 шақырым тереңдікте болды, деп жазды Haberturk.
Малатиядан бөлек жер сілкінісі көршілес Кахраманмараш, Газиантеп, Адыяман және Шанлыурфа сияқты провинцияларда сезілген.
Зақымдалған ғимараттардың біразы қирады. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
"Әзірге зардап шеккендер жоқ, бірақ кейбір ғимарат құлағаны туралы хабар бар. Мен де осы аудандамын. Біз мұны қатты сезіндік. Бұл орталыққа жақын болғанның әсері. Адамдарға қатты бүлінген ғимараттарға кірмеуді ескерттік".Ешилюрт қаласының әкімі Мехмет Чинар
Іздестіру-құтқару жасақтары жер сілікінісі болған аймаққа жетіп, жұмысқа кірісіп кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript