Түркияда су тасқынынан 13 адам қаза тапты
Сурет: Twitter/kingoftthedevil
Шанлыурфа провинциясында нөсер жаңбыр жауып, сел жүрді. Салдарынан қаза тапқандар саны он үш адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
14 наурызда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында жаңбыр салдарынан сел жүрді. Әкімшілік орталықтағы ауруханалар, үйлер мен жолдарды су мен лай ағындары басып қалды. Құтқарушылардың айтуынша, бес адамның мәйіті бір үйдің жертөлесінен табылды, деп жазды AndoluAgency.
Ел билігі таратқан ресми ақпаратқа сүйенсек, 13 адам қаза тапты.
YOL YAPTIK! #Şanlıurfa pic.twitter.com/IQaYIRecnQ
— Taci Kalkavan (@taci_kalkavan) March 15, 2023
15 наурыз күні Түркияда толассыз жауған жаңбыр су тасқынына әкеліп соқтырды. Шанлыурфа губернаторы Салих Айхан төрт адам қаза тапқанын, екі адам із-түзсіз жоғалғанын айтты. Токат губернаторы Нуман Хатипоглу бір адам қаза тауып, төртеуі із-түзсіз жоғалғанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript