Израильде сот реформасына қарсы шерулер тыйылмай тұр
Сурет: pixabay
Израильде сот реформасына қарсы шерулер тыйылмай тұр. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху сот билігі тармақтарына өзгеріс енгізу жоспарын кейінге қалдыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған қарамастан демонстранттар Тель-Авив көшелерінен тарқаған жоқ.
Бұл жолы олар Ұлттық қауіпсіздік министрлігі жанынан Ұлттық гвардия құру жоспарына наразылық білдірді. Айта кетсек Израильдегі шерулер бірнеше аптадан бері жалғасып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Оппозиция Премьер-министр ұсынған сот реформасы сот жүйесінің тәуелсіздігін шектеуге бағытталған деп есептейді.
Ал Нетаньяху болса, мұны жоққа шығарып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript