Жаңалықтар тізбегі
0

Пәкістанда азыққа мұқтаждар саны артып барады

Аш халық, Пәкістандықтар азыққа зәру, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2023 17:55 Сурет: pixabay
Пәкістанда Рамазан айындағы тегін тамақ тарататын орындарда қаза тапқандар саны 16 адамға жетті.

Олардың көбі аласапыран кезінде аяқ астында тапталып мерт болған. Қайырымдылық ұйымдарының дерегінше, биылғы қасиетті айда тегін азық-түлікке мұқтаждар 50 пайызға көбейген. Бұған ауыр экономикалық дағдарыс пен қымбатшылық себеп болды, деп жазады qazaqstan.tv.

Наурыз айында елдегі инфляция деңгейі 47-50 пайызға өсті. Бағаның көтерілуіне ең алдымен ұлттық валютаның әлсіреуі мен энергетикалық тарифтердің жоғарылауы әсер еткен.


"Мен қымбатшылық пен жоғары инфляцияға байланысты азық-түлік сатып ала алмаймын. Сондықтан осында оразамды ашу үшін келемін. Және де бұл жерден отбасыма да тамақ апарып беремін." Мұхаммед Наим, тұрғын
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: