Түркістан облысында 150 келідей заңсыз ауланған балық тәркіленді
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Түркістан облысында полицейлер 150 келідей заңсыз ауланған сазанды, 1 дана үрмелі резеңке қайығын, 2 дана шанышқы құралын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Уылдырық" жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы аясында Мақтарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Охотзоопром" инспекторларымен бірлесіп, заңсыз балық аулау фактісін анықтады.
Оқиға орнынан жалпы 150 келідей сазан балықтары, 1 дана үрмелі резеңке қайығы, 2 дана шанышқы құралы тәркіленді.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3- бөлігі "Балық, ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу" бойынша тіркелді.
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript