Түркияда мешіт мұнарасы экскаватордың үстіне құлап, жүргізуші қаза тапты
Сурет: видеодан алынды
Түркияның Газиантеп қаласында сүрілуі тиіс мешіттің мұнарасы экскаватордың үстіне құлап жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz
TRT Haber телеарнасының хабарлауынша, жұмысшылар жер сілкінісі салдарынан бүлінген мешіттің мұнарасын бөлшектеп жатқан. Алайда мұнара экскаваторға құлаған.
25 жастағы машинист ғимараттың қирандысы астында қалып кетіп, жан тапсырғаны да нақтыланады.
Айта кетсек, соңғы рет Түркияның вице-президенті Фуат Октай елдегі жер сілкінісі кезінде қаза тапқан адамдар саны 49,5 мыңнан асқанын мәлімдеген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript