Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолындағы "митинг" жөнінде жалған ақпарат таратқан екі адам ұсталды
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабымен ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
13 сәуір күні Түркістан облысының полицейлері жанармай құю станциясында митинг өткені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Желіде 12-13 сәуірге қараған түні Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының бойында орналасқан "ҚазМұнайГаз" жанармай құю станциясының жанында азаматтар жанармай бағасының өсуіне байланысты митингке жиналғаны жөнінде бейнежазба тараған еді.
Сайрам ауданының тәртіп сақшылары 13 сәуір сағат 04:30 шамасында оқиға орнына барған кезде мәліметтің жалған екені анықталды.
Қазақстан ІІМ жалған ақпарат таратқаны үшін қатаң жауапкершілікке тарту көзделгенін еске салды.