Түркістан облысында күдікті педофил ұсталды
Сурет: polisia.kz
Жетісай ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өзінің кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД мәліметінше, аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарды. Сонымен қатар бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды.
Бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұл жайт Түркістан облысы ПД басшылығының тікелей бақылауына алынды.
Айта кетсек, Қазақстанда балалар мен жеткіншектерді көбіне өз туыстары мен таныстары зорлайтыны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript