Өскеменде тоғызыншы қабаттың балконынан салбырап тұрған әйел құтқарылды
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
25 сәуірде құтқарушыларға көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатының балконынан адам секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына келіп жеткен ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының қызметкерлері балконнан салбырап тұрған әйелді көреді.
"Құтқарушылар дереу жұмсақ балонды жаюға көшті. Сонымен қатар, үйдің артқы жағынан ШҚО ТЖД мамандары автосатыны көтеріп, сол арқылы аталған пәтерге кіріп, байқатпай әйелді ұстап алып, оны ішке сүйреп кіргізді", - деді департаменттің баспасөз қызметі.
ТЖД Жедел-құтқару жасағының психологы, полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жекелей әйелден сұрақ-жауап алды.
Белгілі болғандай, 1989 жылғы әйел күйеуімен жанжалдасып, содан кейін өз-өзіне қолжұмсау туралы шешім қабылдаған.
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Бұған дейін ақша бопсалады деген айыпталған павлодарлық азамат өзін-өзі өртеп жібергені хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript