Өскеменде пәтерлердің бірінен өрт шығып, бір адам зардап шекті
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өскеменде 26 сәуір күні көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты. Қ. Бітібаева көшесіндегі 2-қабаттағы пәтердің терезесінен қатты түтінді байқаған куәгерлердереу өрт сөндіру қызметіне хабарлаған, деп мәлімдейді Zakon.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт жоғары қабаттардың балкондарына тараған. Қалың, қара түтін бүкіл кіреберісті жауып тастаған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минут ішінде келді.
"Өрт сөндірушілер жеті адамды құтқарды, оның екеуі мүгедек, тағы екі бала бар. Кейбір тұрғындарды көтеріп шығарды. Құтқарушылар бес азаматқа түтінді кіреберістен эвакуациялануға көмектесті. Өрт ошағы болған пәтерде 1952 жылы туған ер адамға апаттар орталығы мен жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, медициналық мекемеге жеткізді... Жалын шамамен 5 балконды шарпыды". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
55 шаршы метр аумақтағы өртті толығымен сөндіру үшін 40 минут кеткен.
"Өрттің алдын-ала себебі - темекі шегу кезінде өртті абайсыз пайдалану".ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өртпен күреске жеке құрамның 19 адамы мен 6 техника жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript