Антикор Кентау қаласының бұрынғы әкіміне қатысты тергеуді аяқтады
Ведомствоның хабарлауынша, 2013 жылы Рашид Аюпов премьер-пинистр кеңсесінің қызметкері бола жүріп, ірі жеке меншік компанияның меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірген. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берген.
"Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсаған. Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған, тергеу сотының санкциясымен ол қамауда отыр".ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Антикор қызметкерлерінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылды.
"Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.
Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.