ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов сотқа апелляциялық шағым түсірді
Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов сот үкіміне қарсы апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің сотты болған бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов апелляциялық шағым түсіргенін мәлімдеді.
"Бірақ іс "Аса құпия" белгісімен қаралғандықтан, әзірге іс апелляцияға түскен жоқ, басқа мәліметтер жария етуге жатпайды", – делінген сот хабарламасында.
24 сәуір күні Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты. Сот шешімімен К. Мәсімовке ҚК-нің 175-бабының 1-тармағы, 179-бабының 3-тармағы, 362-бабының 4-тармағы, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, жазаны ішінара қоса отырып, оған 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript