Астанада зорлық-зомбылық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы ұсталды
Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 22 мамырда Астанада 4 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 1960 жылы туған Германия азаматын ұстады. Ол 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген.
"Қылмыскер Германияның Қылмыстық кодексінің 177-бабында ("Зорлық-зомбылық") көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған", – деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ол Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript