Антикор "Қазселденқорғау" басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, олар орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңгеге ірі және аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталды.
"Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
2022 жылғы желтоқсанда "Қазселденқорғау" ММ басшысы Кәрім Көкірекбаев ұсталғаны мәлім болды: ол ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.