"Семей орманы" табиғи резерватының басшылары сотталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, мемлекеттік мекеменің үш басшысы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысуға және кәсіпкерлерден жүйелі негізде 700 мыңнан 13 млн теңгеге дейін пара алуға кінәлі деп танылды.
Агенттік өкілдерінің айтуынша, олар заңсыз сыйақыны лауазымды тұлғаларға резерват аумағында санитарлық тазалау мен ағаш кесуге рұқсат бергені, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарға кедергісіз қол қойғаны, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін берген.
"Резерваттың үш басшысы 10 жылға сотталды, ал бес пара беруші пара бергені үшін кінәлі деп танылып, бір жарым жылдан үш жарым жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сондай-ақ барлық сотталған адамдар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттiк секторда қызмет атқару құқығынан айырылғаны хабарланды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.