Түркістан облысында тауда жоғалған турист табылды
Сурет: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында тауда турист құтқарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
29 мамырда құтқару қызметіне шамамен 23.00-де Түлкібас ауданы Қожаберді ауылының оңтүстік беткейінде турист таулы аймақта өз тобынан қалып қойып, адасып кеткені туралы хабар берген.
Түркістан облысы құтқару бөлімшесі 29 мамырда түнгі сағат 01.00-де 1987 жылғы ер азаматты тауып алып қауіпсіз жерге шығарды. Туристке медицина көмегі қажет болған жоқ.
"Түркістан облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript