Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті түтінге байланысты тұрғындарға үндеу жасады

"Семей орманы" резерваты, орман, өрт, Жетісу облысы, түтін, сақтық шарады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2023 09:00 Сурет: видеодан скриншот
Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті көршілес Абай облысындағы өрттен өңірді түтін басуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы хабарлама таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу өңірінің бірнеше ауданын көршілес Абай облысындағы "Семей орманындағы" өртенген ағаштардың түтіні басты. Осы жағдайға байланысты құтқарушылар сақтық шаралары жөнінде ескертті.

"Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағын қалың түтін басты. Осыған байланысты сабырлы болуды және маска та,уды сұраймыз. Тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес беріледі". Жетісу облысы ТЖД

"Семей орманы" резерватында 8 маусымда өрт шықты. 11 маусымдағы жағдай бойынша өрт аумағы шамамен 60 мың гектарға жетті. Өртті сөндіру кезінде 14 орманшы із-түссіз жоғалып кетті, артынша олар өлі күйінде табылғаны мәлім болды. 14 адамның қазасына байланысты 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

11 маусым күні  президент Тоқаев қайтыс болғандардың барлығын "Құрмет" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Ал Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: