Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде тағы бір адам жоғалып кетті
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2023 жылғы 9 маусымынан бері Долан орман шаруашылығының тракторшысы Сергей Архипов хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде тараған хабарламада 1987 жылы туған орман шаруашылығы қызметкері Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге барғаны айтылады.
"Іздестіру жұмыстарына көмек сұраймыз. Трактор нөмірі – F 937 ARE. Шақыру белгісі – "Марал 61". Қаштаққа "Семей орманы" резерватының Долан бөлімшесінен орман өртін сөндіруге кеткен. Соңғы рет 9-ы күні хабарласқан. Содан бері хабар-ошар жоқ. Көрген-білгендер болса, +7 771 582 2159 нөміріне хабарласыңыз", – делінген хабарламада.
2023 жылғы 8 маусымда Абай облысындағы "Семей орманы" резерваты аумағындағы орман өртеніп жатқаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript