Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысындағы орман өрті оқшауланды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2023 21:58 Сурет: ҚР ТЖМ
2023 жылы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша ТЖ вице-министрі Марат Күлдіков Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл ретте қалыптасқан жағдайды ескере отырып, негізгі күш-жігерді жергілікті жану ошақтарын сөндіруге және жаңаларының пайда болуына жол бермеуге шоғырландыру үшін күштер мен құралдарды қайта топтастыру жүргізілді". Абай облысындағы орман өрті бойынша құрылған Бас штаб

Сонымен қатар, өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетін топырақпен толтыру және шашу жүзеге асырылатыны да нақтыланады. 

Айта кетсек, бүгін таңертең Абай облысындағы өрт бүгін-ертең толық өшірілуі мүмкін екені хабарланған еді. Дегенмен бұл өрт сөндіру жұмыстары 1-2 күнде толық аяқталады деген сөз емес. Себебі орманның ішінде топырақтың беткі қабатында шамамен 20 сантиметр тереңдікте сөнбеген шоқтар болуы мүмкін. Жел үрлесе, ол тағы да тұтанып, орман өрті қайта басталып кетпес үшін бұл жердегі жұмыстар тоқтатылмайды. 

Абай облысында өрт 8 маусымда басталды. Соңғы мәліметтер бойынша, 60 мың гектар орман өртенді.

14 адам қаза тапты. Марқұмдар қайсарлығы мен көрсеткен батылдығы үшін ордендермен марапатталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: