Білім беру саласындағы шенеуніктер бюджет қаражатын қалай жымқырған
Жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша бюджет ақшасын жымқырудың тұрақты тәсілдері ашылған:
- Қызметкердің жалақысына оның лауазымына қарағанда әлдеқайда көп ақша аударған.
- Жалақы мектепте мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға аударылған.
- Қызметкердің карт-шоттарына жалақы есептеліп, ал төлемдерде басқа тұлғаның тегі көрсетілген.
- Бір адамға ақша аударымдарын бірнеше рет аударған.
- Олар ақшаны "өлі жандарға" – туыстары мен жақындарына аударған.
"Жоғарыда аталған барлық жымқыру әдістері бір схема арқылы іске асырылады. Алдымен бухгалтер төлем құжаттарын ведомстволық есеп жүйелерінен түсіреді. Әрі қарай, қажетті түзетулер қолмен енгізіліп, бұрмаланған мәліметтері бар құжаттар кейін төлемге жіберіледі".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Мұндай манипуляциялар мектептің бухгалтерлік есеп жүйелері, Ұлттық білім беру базасы және Қазынашылық-клиент базасы арасындағы интеграцияның болмауына байланысты іске асқан.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы үш жылда мемлекет білім беру саласын дамытуға 12,1 трлн теңге бағыттаған, бұл 2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің барлық шығысының 28%-ына тең. "Педагог мәртебесі туралы" Заң қабылданып, мұғалімдердің жалақысы екі есеге, ал ғылыми дәрежесі мен сабақтан тыс сабақтары болған жағдайда үш есеге арттыруға мүмкіндік берілді.
"Әлеуметтік қолдау шараларына қарамастан, білім беру саласы жемқорлық жайлаған салалардың бірі болып қалуда. 2020 жылдан бастап осы саладағы қылмыстық істер бойынша 143 адам сотталды. Мемлекетке келтірілген залал шамамен 11 млрд теңге болды, оның 5,2 млрд теңгесі өтелді".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Мәселен, тек Жетісу облысында қалалық білім бөлімінің қызметкерлері 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңгені ұрлаған. Қылмыстық топқа басшы және екі білім беру бухгалтері, сондай-ақ 13 мектеп бухгалтерлері кірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұндай қылмыстық схемалар елдің барлық аумағында анықталғанын атап өтті. Алматы, Шымкент қалаларында, Қызылорда, Ақтөбе және Алматы облыстарында ең ірі жымқыру фактісі тіркелген.