Түркістан облысында жоғалып кеткен туристің денесі табылды
Сурет: видеодан алынды
Түркістан облысында тау басынан жоғалып кеткен туристің денесі табылды. Құтқарушылар марқұмның денесін жерге түсіру жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
1967 жылғы ер адамның денесі теңіз деңгейінен 3 800 метр биіктіктен табылды.
"Қазіргі уақытта оны жаяу түсіру жұмыстары жүргізілуде. Қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, жер бедерінің таулы-тасты болуы түсіру жұмыстарын қиындатуда. Іздеу-құтқару жұмыстарына Түркістан облысының Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері жұмылдырылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, 2023 жылдың 3 шілдесінде Түркістан облысындағы тау басынан турист құлап кеткен. Өңірлік ТЖД мәліметтері бойынша, тау шатқалдарының тік орналасуына және табиғи кедергілердің көптігіне байланысты іздеу жұмыстары қиынға соққан.
10 шілдеде қар мен үздіксіз жауған жаңбыр іздеу жұмыстарын қиындатып жатқаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript