Жаңалықтар тізбегі
0

Сауда орталығында шетел азаматы кішкентай қызды тепті: Түркияның Қазақстандағы елшілігі өкініш білдірді

Түркия азаматы, сауда орталығы, кішкентай қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2023 20:39 Сурет: видеодан скриншот
Түркияның Астанадағы елшілігі Алматы облысындағы сауда орталықтарының бірінде болған жағдайға қатысты Twitter желісі арқылы түсініктеме берді. Қызды тепкен жігіт Түркия азаматы болып шыққан еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркия өкілдігі баланың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
"Өкінішке қарай, Алматыда кішкентай балаға күш қолданылғаны жөніндегі жағдайды естідік. Біз зорлық-зомбылықтың кез келген түрін, қалай және кім жасаса да, қабылдамайтынымызды айта отырып, бала мен оның отбасына тезірек сауығып кетуін тілейміз", – делінген хабарламада.

2023 жылғы 23 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданындағы сауда орталықтарының бірінде белгісіз ер адам төрт жасар қызды теуіп құлатқан. Бұл жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қыздың анасы полицияға арызданған.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша аудандық ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: