"ӨКМ операторы" ісі бойынша күдікке ілінген Шынар Мұқтарова экстрадицияланды
Сурет: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
"ӨКМ операторы" ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы делінетін Шынар Мұқтарова Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Агенттіктің мәліметінше, ол ЖШС бас директоры С. Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген.
"2023 жылғы 27 шілде күні сағат 19:01-де Мұқтарова Астана қаласының әуежайының аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды".ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агнеттігі
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агнеттігі 2023 жылғы 5 шілде күні "ӨКМ операторының" қағаз жүзінде құрылтайшысы болған Шынар Мұқтарова Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталғанын хабарлаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript