Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да орман шаруашылығы аумағы мен "Гусиный аралында" өрт болды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2023 21:54 Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО-да құрғақ шөптің өртенуі бойынша екі факт тіркелді. Бірі - орман шаруашылығы аумағында, тағы бірі - "Үйрек аралында", деп хабарлайды Zakon.kz.

1 тамызда Ұлан ауданындағы "Асубұлақ орман шаруашылығы" КММ аумағында Белогорск орманшылығы  орман жамылғысы аймағында құрғақ шөп, бұта, қураған ағаш өртенді. Орманшылар мен өрт сөндірушілер кісі аяғы баса бермейтін шалғайға шұғыл аттанды. Олардың шөбі қатты өсіп кеткен соқпақтармен жүруіне тура келді. ШҚО ТЖД орманшылары мен қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында өртті 2 тамызда сағат 19-30-да сөндіру мүмкін болды.

"Қызыл жалын 3,9 гектар аумақты жалмады. Өртті сөндіруге жеке құрамның 28 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі


Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2023 21:54

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі


Сондай-ақ 2 тамызда Алтай ауданы, Октябрьский ауылындағы "Гусиный аралында" шөп пен қамыс өртенді. Оқиға орнына жету үшін ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері қайықты пайдаланды. Оқиға орнына келген 20-ӨСБ және № 8 құтқару бөлімшесінің қызметкерлері отпен күресте бар күшін салды.

"6 гектарды қамтыған өрт сөндірілді. Өртпен күреске барлығы 6 адам және 1 қайық тартылды", делінген хабарламада.


Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2023 21:54

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі


ШҚО ТЖД өңірде төтенше өрт қаупі сақталатынын еске салады:

  • азаматтар орманда болуды шектеуі керек;
  • табиғатта от жағуға болмайды;
  • шөпті өртеуге жол бермеңіз;
  • өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарласыңыз.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: