Абай облысында орманнан тағы өрт шықты
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысындағы "Семей орманы" территориясында тағы да өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"4 тамызда сағат 15:30-да ТЖМ-ның Абай облысындағы бөлімшесіне "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының территориясында от шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртті жедел жоюға жәрдем көрсету мақсатында оқиға орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу аттанды", делінген хабарламада.
Әуеден барлау және су төгетін құрылғыны қолдана отырып, өртті сөндіру үшін ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшақтары оқиға орнына аттанғаны да нақтыланады.
Қазіргі уақытта ТЖМ мен орман шаруашылығынан тартылған күштері мен құралдарының саны шамамен 130 адамды және 25 техниканы құрайды.
"Оқиға орнына қосымша көмек күші ретінде Астана және Қарағанды облысынан төтеншеліктер күштері мен техникасын тарту мәселесі қарастырылуда", деп нақтылайды ведомстводан.
Резерваттың алдын-ала ақпараты бойынша, өрт алаңы шамамен 15 гектарды құрайды.
Төтеншеліктер халықты өрт қауіпі кезеңінде өте сақ болуға шақырады.
Айта кетсек, маусым айында Абай облысында орман өртеніп, 60 мың гектар жасыл желек жарамсыз болып қалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript