"АрселорМиттал Теміртауда" кеншілердің қанша жалақы алатыны белгілі болды
Компания өкілінің айтуынша, жұмысшылардың жалақысы әртүрлі жағдайларға байланысты.
"Жұмысшылар туралы шамамен айтып берейін. Бұл әр түрлі жағдайға байланысты, кен орнында кеншілер шамамен 860-880 мың теңге алады. Бұл бесінші категориядағы жұмысшылар". Сергей Огай
Оның түсіндіруінше, мұндай жалақы жоспарды орындаған кезде, сонымен қатар барлық қауіпсіздік шарттары мен өндірістік көрсеткіштерді орындаған кезде төленеді.
"Қосалқы учаскедегі үшінші разрядты жерасты кеншісінің жалақысы 500-515 мың шамасында. Бұл да барлық қауіпсіздік талаптары мен өндірістік көрсеткіштердің орындалуына байланысты". Сергей Огай
2023 жылғы 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт шықты. Барлығы шахтада 227 адам болған. Оның 222-сі жер бетіне шығарылса, бесеуі жер астында қалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды . "Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.