Түркістан облысында рұқсат етілмеген жерде шомылған 11 адам суға батып кетті
Бүгінде суға батқан 11 адамның ішінен ТЖД күшімен 9 адамның, оның ішінде 3 әйелдің және 6 кәмелетке толмаған баланың денесі табылып, судан шығарылды. 2 кәмелетке толмаған бала іздестіріліп жатыр. Демалыс күні шомылуға 20 адамнан тұратын 4 отбасы болған.
"ТЖД-да жедел штаб құрылды, жедел желі жұмыс істейді (8725 33 5-78-81). Түркістан облысы ТЖД басшылығы оқиға орнында жағдайды бақылауда ұстап отыр". Түркістан облысы ТЖД
Іздеуге барлығы 150 адам, 18 техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы, оның ішінде ТЖД Жедел құтқару жасағынан 13 құтқарушы, 3 жүзу құралы және 3 техника, Шымкент қ. ТЖД Жедел құтқару жасағынан 6 құтқарушы, 1 жүзу құралы және 1 техника, Түркістан облысы ТЖД 50 адам, 2 дрон, 5 техника, ЖАО-дан 4 адам, 1 жүзу құралы, Полиция департаментінен 71 адам, 1 жүзу құралы және 7 техника, "103" қызметінен 6 адам және 2 техника жұмылды.
Оқиғанын мән-жайын Түркістан облысының Полиция департаменті анықтап жатыр.
ТЖД суға шомылғанда қауіпсіздік шараларын қатан сақтау қажет екенін ескертті.
"Тек шомылуға рұқсат етілген жерлерде суға тұсіңіздер! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Мас күйінде суға түсіге тыйым салынады!" - делінген Түркістан облысы ТЖД хабарламасында.