Жаңалықтар тізбегі
0

Куәгерлер Сырдария өзенінде болған қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Куәгерлер Сырдария өзенінде болған қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2023 10:58 Сурет: Түркістан облысы ТЖД
Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаның куәгерлері сол кезде жағалауда болғандардың барлығы суға батып бара жатқандарға көмектесуге асыққанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, Сырдарияда 11 адам суға батып кеткені хабарланған еді. Оның 9-ы - балалар. Оқиға кешкі сағат 18.00 шамасында болған. Көпбалалы отбасы 21 адам болып суға шомылуға барған. Куәгерлердің КТК телеарнасына айтуынша, бір кезде суға батып бара жатқан баланың айқайы естілген. 
"Адамдардың айтуынша, кішкентай бала емес. Өзі суға түсіп, бір кезде бата бастаған. Анасы оны құтқару үшін артынан секірген. Оның соңынан қалған балалары, одан кейін ересектер батқан. Бір үйден бес адам, екінші үйден үш адам суға батып кетті. Барлық бала - бір әулеттің немерелері. Отбасы үшін бұл ауыр әрі орны толмас қаза", - дейді Көксарай ауылының тұрғыны Мұсабек Сарымбет.

Сол кезде жағада болғандардың барлығы суға батып бара жатқандарға көмектесуге асығыпты. Балықшылар мен басқа демалушылар суға секірген. Суға батып бара жатқан бірнеше адамды алып шыға алған. Бірақ 11 адамды - екі әйел мен тоғыз баланы құтқару мүмкін болмады. Олардың ең кішісі - небәрі 4 жаста еді. Адамдар бұл жерде өзен өте қауіпті екенін айтып отыр.

"Жағадан суға кірген бойда тереңдеп кетеді. Су лай. Кей жерлерде ағыс бар. Кейбіреуін жағаның арғы бетінен алып шықты. Барлығы мүмкіндігінше көмектесті", - дейді оқиға куәгері Әділхан Аманов.

Суға батқандардың мәйітін бірнеше күннен бері іздеп жатыр. 200-ден астам құтқарушы мен еріктілер 5 шақырым радиус аумақты таразылап жатыр. Сүңгуірлер түбіне түсіп жұмыс істейді, дрондар жоғарыдан ұшады. Олар екі баланы - 10 жасар қыз бен 12 жастағы ұл баланы іздеп жатыр.

"Судың лайлылығынан түбі мүлдем көрінбейді. Сонымен қатар ағыс орташа, бірақ тереңдікте ойпат көп. Соңғы мәйітті оқиға орнынан бір жарым шақырым жерден таптық", - деді Түркістан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.

22 тамызда отбасы мәйіттері табылған тоғыз туыстарының барлығын жерледі. Зардап шеккен тағы үш адам (әйел мен екі бала) ауруханада жатыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, аман қалғандарға психология жағынан көмек қажет.

21 тамыз күні Түркістан облысы, Отырар ауданы, Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кетті. Құтқарушылар тоғыз адамның денесін тапты. Екі адам әлі іздестіріліп жатыр. Қайтыс болғандардың арасында төрт жасар қыз да бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: