Түркістан облысында бес жасар қызды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Сурет: Zakon.kz
Шымкентте резонанс тудырған сот процесі аяқталды. Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды зорлап, өлтірді деп айыпталған ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі сот залынан.
Айыпталушы – 48 жастағы рецидивист. Ол бұрын адам өлтіргені үшін сотталып, 10 жыл түрмеде отырған. 2023 жылы денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін шартты түрде сотталған.
"Сот үкімі бойынша сотталушы кінәлі деп танылды. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру және химиялық кастрация жазасы кесілді. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейді", – деп үкімді оқыды судья Дәурен Мадалиев.
Қылмыс 13 шілде күні жасалған. 5 жасар Еркежан Нұрмахан сол күні сағат 13.00 шамасында жоғалып кеткен. Қыздың анасы дереу полицияға арыз жазған. Марқұмды іздеуге Жібек жолы ауылының тұрғындарының барлығы дерлік атсалысқан. Елді дүрліктірген қылмысқа күдіктіні ауылдастары анықтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript