Түркияда көңіл қосқан адамын өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Сурет: pexels
2023 жылы 31 тамызында Түркияның Бурса қаласында түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ҚР азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бурсада түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталған 1993 жылғы жерлесіміз марқұммен бірге бір үйде тұрған.
"Қазір тергеу жүріп жатыр. Ол 2018 жылдан бері Түркияда тұрады. Марқұм - онымен бірге бір үйде тұрған көңіл қосқан адамы. Кезекті тұрмыстық жанжал кезінде бойжеткен оған пышақ сілтеген". ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров
Айта кетсек, 2023 жылы 3 қыркүйекте Аланияда қазақстандық келіншек қызымен бірге жол апатына ұшырап, қаза тапты. Кейін отағасының да ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript