Антикор: "Азық-түлік корпорациясы" АҚ басшылары ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 18 қыркүйек күні таратқан мәліметіне сүйенсек, астық ұрлау фактілерін жасыру үшін пара беру әрекеті кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның көмекшілері әшкереленді. Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ал Астана қаласында қаржы департаментінің директоры мен "Азық-түлік корпорациясы" АҚ бас менеджеріне қатысты тергеу аяқталды. Тергеу барысында олар бидай түрінде тауарлық несие бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 800 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды. Айыпталушылар сотқа тартылды.
Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша "Азық-түлік корпорациясы" АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры әшкереленді. Ол ЖШС өкілінен 100 мың тонна бидай көлемінде тауарлық несие алу мәселесін оң және кедергісіз шешкені үшін 350 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.