Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы сотталды

Антикор, Алматы ТЖД бастығы, сыбайлас жемқорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2023 17:42 Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Әскери сотының апелляциялық алқасында Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қасыбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 27 қыркүйек күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді:

"Сотталушы (Руслан Қасыбаев – ред.) мердігер ұйымға нақты орындалмаған жұмыс көлемі үшін толық құнын заңсыз төледі және техникалық қадағалаудың оң қорытындысынсыз қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің бірін пайдалануға қабылдаған. Ол билікті теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды".

Бұған қоса Қызылорда облысында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Берік Стамқұловқа қатысты үкім шыққаны мәлім болды.

"Стамқұлов Н. Оразбаховтан делдал А. Атажанов арқылы жеткізушіні таңдау кезінде артықшылық көрсеткені және газ толтыру пункттері бойынша жобалық құжаттарға кедергісіз қол қойғаны үшін 500 мың теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше,Стамқұлов лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы ҚР ТЖМ лауазымды тұлғаларына кездесулер мен бос уақытты ұйымдастыру сылтауымен өзінің бағынысты 4 қызметкерінің 100 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иеленді.

"Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы үкіммен пара беруші Н. Оразбахов 3 жыл мерзімге, делдал А. Атажанов 1 жылға бас бостандығынан айырылды".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Сотталғандарға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: