Жаңалықтар тізбегі
0

Антикор Гүлвира Дөненбаева қандай айыппен ұсталғанын айтты

Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының басшысы, сыбайлас жемқорлық, Антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 15:35 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай облысының cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлерін парамен әшкереледі , деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 28 қыркүйек күні жариялаған ақпаратқа сүйенсек, лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ведомство ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеп, тергеу мүддесі үшін өзге ақпаратты жария еткен жоқ.

28 қыркүйек күні әлеуметтік желілерде Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Антикор ақпаратты растады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: