ШҚО-да найзағай түсіп, 100 орам шөп өртеніп кетті
Сурет: freepik
ШҚО-да найзағай түсіп, жинаулы 100 орам (рулон) шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдай 30 қыркүйекте Ұлан ауданы Сағыр ауылының маңындағы шаруа қожалығы аумағында орын алды.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтап, қалған 600 орам шөпті (180 тонна) аман алып қала алды.
ШҚО ТЖД шөпті сақтау ережелерін еске салады:
Ірі мая шөптер, бастырмалар, жиналған бума шөптер электр желілеріне, кем дегенде 15 метр, жолдан кем дегенде 20 метр және ғимараттар мен құрылыс нысандарынан кем дегенде 50 метр қашықтықта жиналып, орналастырылған жөн.
Ірі жемшөп маяларын, бастырмаларын және басқа да жанғыш заттар мен материалдарды мынандай жерлерде жинауға жол берілмейді:
- сарайлар мен басқа да шаруашылық құрылыс нысандарының төбесіне;
- электр желілері өтетін маңға, яғни электр сымы астына;
- учаскенің сыртқы қоршауынан кем дегенде 3 метр қашықтықта.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript