Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға аттанды

ҚР ТЖМ, құтқарушылар, Ауғанстандағы жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 13:46 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің 10 қазан күні хабарлауынша, құтқарушылар Ауғаснтанға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырманы орындау үшін аттанып кетті. Барлығы 45 адам жолға шықты. Олардың арасында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологиялық есептобы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері бар.

ҚР ТЖМ, құтқарушылар, Ауғанстандағы жер сілкінісі, гуманитарлық көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 13:46

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Бұл құтқару операцияларында көпжылғы тәжірибесі бар білікті мамандар. Бірқатар құтқарушылар мен медицина қызметкерлері биылғы жылы Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға қатысқан".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Топ қажетті жабдықтармен жабдықталған. Топты Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ұларбек Әбікеев басқарады.

ҚР ТЖМ, құтқарушылар, Ауғанстандағы жер сілкінісі, гуманитарлық көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 13:46

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

9 қазан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсететіні хабарланды.

2023 жылы 7 қазанда Ауғанстанның батысында магнитудасы 6,2-ге тең жер сілкінісі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: