Жаңалықтар тізбегі
0

Ауғанстанда жүрген Қазақстанның құтқарушылары қирандыларды аршумен айналысуда

Ауғанстан, жер сілкінісі, Қазақстанның құтқарушылары, қирандыларды аршу, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2023 21:52 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстанның құтқарушылары ауғанның Герат провинциясындағы Наиброфи елдімекенінде бір тәулік ішінде 76 учаскедегі үйіндіні бөлшектеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сонымен қатар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері 39 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 5 балаға медициналық көмек көрсетті. Тұрғындар негізінен жарақаттармен, күрделі стресс  реакциясымен жүгінді, тіпті суық тиіп сырқаттанған адамдарға да көмек көрсетілді.

"Бүгін таңғы сағат 06.32-де Герат қаласының маңында күшті афтершок тіркелді. Чолктула елді мекенінде зардап шеккендердің болуы мүмкін екені туралы ақпарат түсті, сол жерге  29 қазақстандық құтқарушы жіберілді.  Олар өздеріне бөлінген учаскедегі үйінділерді бөлшектеу жұмыстарын жүргізді, зардап шеккендер табылған жоқ. 10 тұрғынға медициналық көмек көрсетілді. Жұмыс аяқталғаннан кейін күштер мен құралдар зардап шеккен адамдарды іздеуді жалғастыру үшін Наиброфи елдімекеніне оралды", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.


Қазақстанның құтқарушылары, Ауғанстан, жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2023 21:52

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 45 адамнан құрылған Қазақстан ТЖМ күштер мен құралдар тобын Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: