Ауғанстанда зілзаладан қаза тапқандардың 90 пайызы – әйелдер мен балалар
Сурет: pixabay
Ауғанстандағы зілзаладан қаза тапқандардың 90 пайызы әйелдер мен балалар. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеп отыр.
Еске салайық өткен аптада Ауғанстанның батысында магнитудасы 6.3 балл болатын жер сілкінісі тіркелді.
Талибан үкіметі хабарлағандай, қазанның 7-де Герат провинциясында зілзаладан 20 ауылда 2 мың үй қирап, 2 жарым мыңдай тұрғын қаза тапты, деп жазады qazaqstan.tv.
Сонымен қатар 1700-ге жуығы жараланған.
Айта кетсек, дәл осы аймақта сәрсенбіде жер дүмпу қайталанып, 1 адам мерт болып, жүздеген үй тағы құлаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript