Жетісу облысында біртүрлі жол апаты орын алып, ер адам мерт болды
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Жетісу облысында түнде жол ортасында отырған адамды көлік қағып кеткен сәт видео тіркегішке жазылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға 14 қазанға қараған түні Алакөл ауданында болды. Алматы - Өскемен тас жолының 524-шақырымында Mercedes Benz 519 CDI көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жолда отырған 51 жастағы ер адамды қағып кетті.
Полицейлер марқұмның түнгі уақытта жол бойында не үшін отырғанын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер азаматтарды жолда қырағы болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript