Шығыс Қазақстан облысында қаңғыған иттер қорадағы мал мен құсты қырып жатыр
Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында қаңғыған иттер бірнеше ұсақ мал мен жиырма шақты тауықты жеп қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шығыс Қазақстан облысында бұралқы иттердің шаруа қожалықтарына шабуылы жиілеп кетті, деп жазды YK-news.
Аудандық полицияның хабарлауынша, 17 қазан күні ауыл тұрғыны қаңғыған иттер шабуылдағанын айтып, арыз жазған. Оның сөзінше, иттер оның қорасындағы тоғыз қойды жайпап кеткен. Полицейлер жақында сол иттер 20 шақты тауықты талап жеп кеткенін айтты.
"Тиісті шара қолдану үшін материалдар қаңғыған жануарларды ұстауға жауапты ветеринарлық инспекцияға жіберілді", – деп хабарлады аудандық полиция бөлімі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript