Түркістанда 5 жасар бүлдіршінді балабақша көлігі қағып кетті
Сурет: Zakon.kz
Түркістанда балабақша жүргізушісі бес жасар баланы көлігімен қағып кетті. Облыстық полицияның баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
Қайғылы жағдай 2023 жылғы 20 қазанда кешкі уақытта болған. Полицияның мәліметінше, кешкі уақытта жекеменшік бала бақшаның тәрбиеленушілерін тасымалдайтын Hyundai Starex маркалы көлігінің жүргізушісі бүлдіршінді үйінің алдындағы жолдың бойына әкеліп түсірген.
Бүлдіршін көліктің алдынан жүгіріп өткенде, жүргізуші оны қағып кеткен.
"Бала ауруханаға жеткізілгенімен, жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады".Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ведомство өкілдері жүргізуші қамауға алынғанын атап өтті. Ал автокөлік айыптұраққа қойылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript