Түркістандық полицейлер жалған нөмірлер шығаратын цехты анықтады
Сурет: polisia.kz
Түркістан облысының полицейлері көліктерге арналған мемлекеттік нөмірлерді заңсыз дайындайтын цехты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Самара – Шымкент тас жолында жедел уәкілдер жергілікті полиция қызметімен бірлесіп мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасады деген күдікпен "Нива" көлігін ұстады.
Полицейлер нөмірлердің басқа көлікке тіркелгенін анықтады.
"Барлық мән-жайды анықтау мақсатында жедел іздестіру және арнайы іс-шаралар кешені жүргізіліп, нәтижесінде Шымкентте жедел уәкілдер жалған нөмірлер шығаратын цехты анықтап, жергілікті тұрғынды ұстады", – делінген хабарламада.
Тінту кезінде ер адамнан мемлекеттік нөмірлерді жасайтын құрылғы, 100-ден астам нөмір және 101 голограммалық жапсырмалар табылды. Айғақты заттар алынды. Қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript