Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында цемент зауытында қайғылы оқиға орын алды

Цемент зауыты, Түркістан облысы, қайғылы оқиға, күйік шалу, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2023 21:15 Сурет: pixabay
Сазтөбе ауылында цемент зауытында жұмысшы қаза тапты. Дәрігерлер аман қалған екі адамның өмірі үшін күресуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar порталының ақпаратына сәйкес, қаза тапқан ер адамның есімі - 52 жастағы Александр Боуш. Ер адам толығымен күйіп қалған, ол алған дене жарақаттарынан естен танып, ауруханада жан тапсырды.

"Күйеуім қайғылы жағдайға тап болды, біз қатты шошып кеттік. Ол онда слесарь болып 6 жыл жұмыс істеді", – дейді марқұмның әйелі.

Александрдың әріптестері қазір ауруханада өте ауыр жағдайда. Оларды да қатты күйік шалған. 

"100 және 70% ауыр күйік алды. Науқастардың жағдайы ауыр", - деді Сайрам аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ерғали Әлімбаев.

Төтенше жағдайға түрткі не екендігіне қатысты кәсіпорындағылар түсініктеме бермеді. Полиция тергеуді бастады. Тергеу шаралары Түркістан облысы полиция департаменті мен прокуратура басшылығының жеке бақылауында.

""Sas-Tobe Technologies" ЖШС цехында өрт шыққаны, соның салдарынан үш жұмысшы түрлі дәрежедегі күйік алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша тіркелген. Қылмыстық іс аясында бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді Түркістан облысы ПД.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: