Түркиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Есірткіні ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз өсіргені және сақтағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркиядан Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрлігінің 2023 жылғы 17 қарашадағы ресми хабарламасына сүйенсек, ҚР ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрауы бойынша Түркия аумағында 52 жастағы қазақстандық күдікті ұсталды. Оған қатысты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздеу жариялаған.
"Күдікті жалпы салмағы 18 келі болатын марихуананың 96 бұтасын өсіргені, оны Орал қаласының аумағында одан әрі өткізу мақсатында сақтағаны үшін іздестірілді".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Түркия билігі құқық бұзушыны Астанаға жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды. Ол елге жеткізіліп, қамауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript