Өскеменде кейбір мектептерде сабақтар қысқартылды
Сурет: pixabay
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Өскеменде екінші ауысым оқушыларының сабақтары қысқартылды, Алтай қаласында оқушылар қашықтықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
5 желтоқсанда Өскемендегі кейбір мектептерде екінші ауысымда оқитын оқушылардың сабақтары қысқартылды. Өңірде қар қалың түсіп, боран соғуда, деп жазады Yk-news.kz.
4 және 5 желтоқсанда Алтай қаласында оқушылар қашықтықтан оқуға көшірілді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, еріген қар кесірінен тас жолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар жып-жылтыр болып, көктайғаққа айналған.
Бір күн бұрын аталған өңірде дауылды ескерту жарияланды.
Сондай-ақ, Астанада көктайғақ салдарынан 117 адам зардап шекті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript